Қырғызстан және Өзбекстан басшылары келіссөз жүргізді

0
70

13 желтоқсан Ташкенттегі Куксарай резиденциясында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен  Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың ресми делегация мүшелерінің қатысуымен  келіссөздері өтті.  Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараптар Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы саяси, сауда-экономикалық, көлік және коммуникация, банк және қаржы, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, туризм және басқа да салалардағы байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.

Су және энергетика мәселелері бойынша сындарлы шешімге қол жеткізу үшін елдер су шаруашылығы Бірлескен комиссиясын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді және отырысын жақын арада өткізуге уағдаласты.

Қос мемлекет басшысының келісімімен келесі жылы Өзбекстанда Қырғызстан мәдениеті күндері өткізіледі. 2018 жылы екі елде қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мерейтойы аталып өтіледі.

Өз кезегінде С. Жээнбеков екі жақты ынтымақтастықты дамытуда қосқан үлесі үшін Ш. Мирзиёевті «Данакер» орденімен марапаттады.

Қырғызстан басшысының Өзбекстанға мемлекеттік сапары жалғасады.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз