Ресей сенаторы: Байден Қазақстанды Ресейден бөлуге тырысады

0
640
Ресей сенатының ақпараттық саясат және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков.

Ресей сенатының ақпараттық саясат және БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы Алексей Пушков президент Байденнің басшылығындағы АҚШ посткеңестік елдерді Ресейден бөлуге күш салатынын айтады. 

Сенатордың сөзінше, посткеңестік елдер Трамптың кезінде АҚШ-ты қатты қызықтырмаған болуы мүмкін.

“Ал Байден әкімшілігі посткеңестік елдерді Ресейден бөлу үшін күш салатын сияқты. Бұл жерде әңгіме Белоруссия, Өзбекстан, Армения және Қазақстан турасында. Олар әрдайым АҚШ-тың назарында болады”, – деді Пушков.

Ол АҚШ-тың Киевпен әскери ынтымақтастығын күшейтетінін  болжайды. 

“Украина АҚШ-тан қару алып, аумағында америкалық әскери-теңіз базалары пайда болуы мүмкін. Вашингтон Киевті НАТО-ның бейресми мүшесіне айналдыруға тырысып, Батыс әскери құрылымдарына белсенді түрде біріктіреді. Бұл біз үшін үлкен сын-тегеурін әрі 2014 жылға дейін Еуропа картасында болған диспозицияны өзгертеді. Сонымен қатар, алдымызға одақтас елдерде ықпалымызды сақтау бойынша сапалы жаңа міндеттер қояды. Байденнің басқаруындағы АҚШ-тың Ресеймен бәсекелесуді посткеңестік елдер арқылы жүзеге асыруы біздің АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастың шиеленісуінің жаңа факторы болуы ықтимал. Бұдан қажетті қорытынды шығарғанымыз жөн”, – деді Алексей Пушков “Түнгі Мәскеу” басылымына берген сұхбатында. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз