Министр: Қашағанда газ өңдеу зауытының құрылысы осы жылы басталады

0
101
Қашаған кенішіндегі аралдардың бірі. Photo: ehonews.kz

Осы жылы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Бұл туралы 2 ақпанда өткен үкімет отырысында  энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.

“Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Қашаған кен орнында құны 860 млн АҚШ доллары болатын зауыттың құрылысы басталады. Жобаны ресурстармен, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөнінде бірнеше мәселе пысықталды”, – деді Ноғаев.

Министрдің мәліметінше, қуаты 1 млрд текше метр зауыттың салыну мерзімі 2021-2023 жылдарға жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз