Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азаюда

0
138

Қазақстанда өткен тәулікте 1161 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 189 131 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

15 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 1161 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені  Павлодар(238) және Ақмола(195) облыстарында. Қалған аймақтардағы коронавирус жұқтырған адамдар саны 100-ге жетпейді.

Бұдан бөлек 1195 адам індеттен жазылып, барлығы 169 963 адамға жетті. Ал, 3 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2559 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 27 909 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың ішінде 264 адамның жағдайы ауыр, 55 адамның жағдайы өте ауыр және 44 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 24 жағдайы тіркелді. Ал жазылғандар саны 128 адам. Осылайша елде пневмонияны 47 898 адам жұқтырып, 36 028 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз