Kazakh Time: Нью-Йоркте қазақша радио бағдарлама іске қосылды

0
389

Қазақстандық Данияр Қожан және полиция офицері Димаш Ниязов, Нью-Йорк қаласында атақты “Freedom FM” радиостанциясында қазақша “Kazakh Time” бағдарламасын іске қосты.

Эфирдің ең алғашқы қонағы Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас Консулы Алмат Айдарбеков болды.

“Сіз біздің мәдениетімізді, тілімізді және елімізді лайықты, жоғары деңгейде таныстырасыз деп ойлаймын. Сізге сәттілік тілеймін”, – деді Бас Консул Алмат Айдарбеков “Kazakh Time” бағдарламасының тікелей эфирінде.

Бұдан бөлек Алмат Айдарбековтың айтуынша Нью-Йоркте шамамен 20-25 мыңдай қазақ өмір сүреді екен. Бағдарламаның алғашқы эфирінде Қуандық Рахымның “Мен Қазақпын” және Музарт триосының “Бұл көктем оралмайды” әндері шырқалды.

Freedom FM радиостанциясы негізінде орыс тілді, бірақ алдағы күндерде қазақша бағдарлама эфирге шығып тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз