“Вакцинаға қарсымыз”. Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар наразылыққа шықты

0
487

3 ақпан күні денсаулық сақтау министрлігінің алдында түрлі-түсті киінген 30 шақты “Қызыл, жасыл, сарымыз, вакцинаға қарсымыз!” деген ұранмен наразылық білдірді.

Белсенді әйелдер вакцинациялауға, халықты түстерге бөлуге және осыған дейінгі зорлық-зомбылық заңына қарсылығын білдірді. Қолдарына кастрөл ұстаған әйелдер министрлік алдында шу көтеріп, Алексей Цойдың өздерімен кездесуін талап етті.

Наразы топқа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз хатшысы Мақсат Төлегенов келіп, QR-коды бар қосымшаның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

“Бұл қосымшаның вакцинаға еш қатысы жоқ. Қосымша шектеу шаралары кезінде бизнеске қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Қазір симтомпсыз ауырып жүрген адамдар бар. Қосымшаның көмегімен мекеме қожайындары адамдардың мәртебесін анықтап, ПТР-тест оң болса, оны мекемеге кіргізбей, бірден оқшаулайды”, – деді Мақсат Төлегенов.

Жуырда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтар коронавирусқа байланысты “қызыл”, “сары”, “көк” және “жасыл” түстерге бөлініп, кейбір мекемелерге QR-код арқылы кіргізілетінін хабарлаған болатын.

Қызыл түс қозғалысты шектеуді, амбулаторлық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшауланудың қатаң режимін сақтауды білдіреді.

Сары – қозғалысты ішінара шектеу – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқаспен байланыста болған адам ретінде көрсетілген: пациентке тұратын жерінен 500 метрден аспайтын азық-түлік және шаруашылық дүкендерге, дәріханаларға баруға ғана рұқсат етіледі.

Көк түс шықса, ПТР-тест міндетті саналатын орындарды қоспағанда (мысалы, әуежайда), жүріп-тұруға ешқандай шектеу жоқ деген сөз.

Жасыл мәртебе қозғалыста ешқандай шектеу жоқ екенін білдіреді. Бұл пайдаланушы деректер базасында ПТР-тестілеуден өткен, COVID-19 теріс нәтижесі бар адам ретінде көрсетілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз