Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы Еревандағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
Путин Арменияда тәртіп пен тыныштықты сақтау, жағдайды заң аясында реттеу туралы айтқан. Ол барлық тарапты ұстамдылыққа шақырған.
25 ақпанда, Пашинянның жақтастары мен қарсыластары Ереван алаңына жиналды. Бұған дейін Арменияның Бас штабы оның отставкаға кетуін талап еткен.