Қазақстанда ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе, БҚО және ШҚО-да жолдар жабылды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Қозғалысы шектелген жолдар:
Ақтөбе облысы:
- Самара-Шымкент (776-965километр), Өлке – Қарабұтақ;
- Самара-Шымкент (265-526 километр), Подстепное – Ақтөбе облысы шекарасы.
Батыс Қазақстан облысы:
- Атырау-Орал (375-492 километр), Чапаево – Орал учаскесі;
- Орал-Тасқала-Ресеймен шекара (31-104 километр), Переметное – Ресеймен шекара.
Шығыс Қазақстан облысында:
- Омбы-Майқапшағай (756-906 километр), Семей – Қалбатау;
- Алматы-Өскемен (778-967 километр), Аягөз – Қалбатау;
- Өскемен-Семей (км. 10-198), Герасимовка – Семей;
- Өскемен-Шемонаиха-Ресеймен шекара (36-102 километр), Предгорное – Шемонаиха;
- Өскемен-Риддер-Ресеймен шекара (15-105 километр), Белоусовка – Риддер.
Қазгидромет хабарлауынша, елде әлі ауа райы құбылмалы. Тұман, көктайғақ, боран болып, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Сегіз өңірде дабылды ескерту жарияланды.