Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга вакцина салдырды

0
166
Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга вакцина салдырып отыр. Photo: Kyodo agency

16 наурызда Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын алды. Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.

Ақпаратта пермьер Суга келесі айда президент Джо Байденмен кездесу үшін АҚШ-қа баруға дайындалып жатқандығы айтылды.

“Мен айтарлықтай ауырсыну болады деп ойладым. Бірақ ойлағанымдай емес екен. Вакцинация коронавирусқа қарсы шаралардың өте маңызды бөлігі. Біз адамдарға екпені мүмкіндігінше ертерек жеткізуіміз керек”, – деді ол журналистерге.

Жапонияда бірінші кезекте медицина қызметкерлері екпе жасалады. 72 жастағы Есихиде Суга бұған дейін 65 жастан асқан адамдардың вакцинацияға қатысу құқығын күтетінін айтқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз