“Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы” Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Қаулыда мынадай өзгерістер бар:
- Ел азаматтарының шет елдерде демалысын ұйымдастыру кезінде Қазақстанға COVID-19 әкелуінің алдын алу жөнінде қосымша шаралар ұйымдастыру;
- Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар ету;
- медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып залалсыздандыру;
- Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық ЖОО-лар мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканың басталуы алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР тест арқылы COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде жіберіледі.
Сондай-ақ, төртініші тоқсанда республиканың барлық өңірінде 300 оқушыға дейін қала және ауыл мектептерінде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға;
- тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде:
- жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.
Қаулыға сәйкес, КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарға карантин мерзімі аяқталғаннан кейін қайта екпе жасалады.