Министр Мусин доменін Қазақстанға ауыстармаған сайттарға қандай шара қолданды?

0
331
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.

1 ақпанға дейін “KZ” домені шетелде орналасқан сайттар Қазақстанға ауыстырылуы тиіс болатын. Құжатты елге ауыстырмаған сайттардың жұмысы тоқтауы керек еді. Осы мәселе бойынша жұмыс қалай жүргізіліп жатыр? Kazaknews.kz тілшісінің сұрағына дүйсенбіде өткен брифингте цифрлық даму министрі Бағдат Мусин жауап берді.

“Қазіргі уақытта бірқатар домендер Қазақстанға ауыстырылды. Алайда олардың 800 -ге жуығы біздің ұсынысымызды қанағаттандырмады. Сол үшін оларға тиісті шара қолданып 500-ге жуығын қысқарттық. Жалпы бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Барлығының мәселесін жан-жақты қарауға тырысып жатырмыз. Техникалық жағынан жұмыс көбейіп үлгермей жатса министрлікке өтініш жазып уақытын ұзарта алады. Қазіргі нормативті құқықтық актіге өзгерістер енгізетін боламыз”, – деді министр.

Мусин нақты қандай шара қолданғанын және нормативті құқықтық актіге қандай өзгеріс енгізетінін нақты айтпады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз