Жаһандық онлайн климат саммитінде не айтылды?

0
143
Ресей президенті Владимир Путин, АҚШ президенті Джо Байден, Қытай басшысы Си Цзиньпин. Photo: The Detroit News

Осы аптада АҚШ президенті Джо Байденнің бастамасымен климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық онлайн саммит өтіп, әлем елдерінің жиырмадан астам көшбасшысы сөз сөйледі.

Байден осы онжылдықтың соңында АҚШ елдегі атмосфераға бөлінетін көміртегі қалдықтарын екі есе азайтатынын атап өтті.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон атмосферадағы зиянды қалдықтар  мәселесін шешуге бағытталған Президент Байденнің бастамасы климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күреске айтарлықтай әсер ететінін жеткізді.

Қытай басшысы Си Цзиньпин қайта өңделмейтін отын түрлерін, атап айтқанда, көмірді тұтынуды азайтатынын айтып уәде берді.

Франция президенті Эммануэль Макрон әлем елдері қоршаған ортаға әсер етуді сауда мен инвестицияға қатысты мәселелерді шешудің ең маңызды факторы ретінде қарастыруы керек екенін және онсыз экологиялық таза экономика құру мүмкін еместігін баса айтты.

Ресей басшысы Владимир Путин Мәскеудің таза энергетикалық жобаларға шетелдік инвестициялар үшін жеңілдетілген шарттар ұсына алатынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай саммит АҚШ-тың ғана нақты келісімдерге қол жеткізу алаңына айналмай, климаттың өзгеруіне қарсы күресте белсенді платформа қалыптастыруды көздейді.

Сарапшылар бұл жағдайда тарихи Париж келісімі жасалған 2015 жылғы климат конференция ауқымындағы келіссөздерді күтудің қажеті аз деп санайды.

6 жыл бұрын жасалған құжатты әзірлеуге белсенді қатысқан БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі комиссиясының бұрынғы атқарушы хатшысы Кристиана Фигерес қазіргі саммит барлық қатысушы елдердің “ниеттерін анықтау” ретінде қызмет ететінін айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз