Министр Цой отандық QazVac вакцинасын салдырды

0
227

26 сәуірде Қазақстан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық QazVac екпесін алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оқи отырыңыз:  26 сәуірде халыққа отандық вакцинаны егу басталады

“Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін – әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл – үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді”, – деді Алексей Цой вакцинациядан кейін.

Ковидке қарсы отандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы 23 сәуірден елдің әр аймағына таратыла бастады.

Ресми мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматыға – 6 мың дозадан, Шымкент, Қарағанды облыстарына – 4 мың дозадан жеткізілген. Қалған аймақтарға 2 мың дозадан түскені айтылады.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны 1 ақпанда басталған. Сол уақыттан бері 893,6 мың адам вакцинаның кемінде алғашқы дозасын алған. 166 мың адамға екі дозасы егілген. Қазір халыққа негізінен ресейлік Спутник V вакцинасы салынып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз