24 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы 858 566 адам вакцина ектірді. Оның ішінде 143 239 адам вакцинаның екінші дозасын алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Аймақтар бойынша:
– Алматы қаласы – 170 850 (l доза); 21 009 (ll доза);
– Алматы облысы – 117 086 (l доза); 13 569 (ll доза);
– Нұр-Сұлтан қаласы – 84 360 (l доза); 12 783 (ll доза);
– Қарағанды облысы – 83 332 (l доза); 10 408 (ll доза);
– Шымкент қаласы – 76 455 (l доза); 7568 (ll доза);
– Түркістан облысы – 43 278 (l доза); 13 138 (ll доза);
– Шығыс Қазақстан облысы – 42 174 (l доза); 8998 (ll доза);
– Жамбыл облысы – 32 389 (l доза); 8315 (ll доза);
– Ақтөбе облысы – 31 900 (l доза); 6276 (ll доза);
– Павлодар облысы – 26 647 (l доза); 6287 (ll доза);
– Батыс Қазақстан облысы – 24 870 (l доза); 5151 (ll доза);
– Ақмола облысы – 24 373 (l доза); 5931 (ll доза);
– Қостанай облысы – 23 978 (l доза); 7085 (ll доза);
– Солтүстік Қазақстан облысы – 21 827 (l доза); 4819 (ll доза);
– Қызылорда облысы – 21 133 (l доза); 5855 (ll доза);
– Маңғыстау облысы – 18 253 (l доза); 2538 (ll доза);
– Атырау облысы – 15 161 (l доза); 3509 (ll доза).
Қазақстанда вакциналау науқаны 1 ақпанда басталды. Бірінші кезекте екпе дәрігерлерге салынды. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус пневмониясын қосқанда 350 мыңнан астам адамнан Covid анықталған. 4 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Қосымша оқи отырыңыз – 26 сәуірде халыққа отандық вакцинаны егу басталады