Қазақстандық технологияларды ЕЭО елдеріне енгізу ұсынылды

0
67
дереккөзден

Қазақстанның сүтті лазерлік өңдеу технологиясын Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде енгізу ұсынылды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұдан өзге еуразиялық технологиялық платформаларды (ETП) қалыптастыру шеңберінде қазақстандық ғалымдар өздері және ЕЭО ғалымдарымен серіктестікте дамытқан технологияларды енгізу ұсынылды деп хабарланады.

Олардың бір бөлігі еуразиялық интеграциялық бірлестіктер елдерінің ғылыми-өндірістік ынтымақтастығы аясында әзірленді. Мұнда Ресей-Қазақстан бірлесіп өндірген филаментті жарық негізінде әзірленген шамдарды өндіру жобасы айтылады. Бұл технология жарық үнемдеу көзі ретінде қарастырылады. Тағы бір жоба – бұл металлдарды лазерлік беріктендіргіш машиналар өндірісі. Енді Қазақстанның сүтті лазерлік өңдеу технологиясы өнеркәсіптік қолдануға дайын. Бұл шикі сүттің сапасын бірнеше параметр бойынша арттыруға мүмкіндік береді. Әзірлеме бірнеше жыл бойы Алматы технологиялық университетінің базасында жүргізілді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз