IMO: Халықаралық жарыста қазақстандық оқушылардың барлығы жүлделі болды

0
117
Халықаралық математика олимпиадасының жүлдегерлері.

14-24 шілде аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында қашықтықтан өткізілген 62-ші Халықаралық математика олимпиадасы (IМO) өз мәресіне жетті. Қазақстан атынан қатысқан оқушылар бір алтын, үш күміс, екі қола еншіледі.

Биылғы IМO-ға әлемнің 107 елінен 600 астам оқушы қатысты.

АЛТЫН | #Мырзатай_Айбек – Атырау қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы –;

КҮМІС | #Дуйсенбеков_Данат – Нұр-Сұлтан қ. «Spectrum» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

КҮМІС | #Сатубалдин_Таир – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

КҮМІС | #Сам_Фетуллах – Нұр-Сұлтан қ. дарынды балаларға арналған «Білім- инновация» лицей – интернатының 11 сынып оқушысы;

ҚОЛА | #Олжабаев_Асылбек – Алматы қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;

ҚОЛА | #Баймурзин_Рахим – Қарағанды қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы.

Қазақстан құрама командасы дәстүрлі түрде алты қатысушыдан құралған. Олимпиадашыларымызды IMO-2021-ге шыңдап дайындаған өткен жылдардағы халықаралық математикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн.

Былтыр Қазақстан құрамасы 3 күміс, 2 қола медаль және 1 құрмет грамотасына ие болған. Ел қоржынына алтын соңғы рет 2017 жылы түскен еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз