10 тамызда Қытайдан коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының бірінші партиясы бар ұшақ Алматыға СК-Фармация қоймаларына келді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Sinopharm Қытай вакцинасының бірінші партиясы 1 млн. дозадан тұрады.
Қазақстанда коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы негізінде СК-Фармация Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген Covid-19 Sinopharm вакцинасының 4 млн.дозасын сатып алуды жүзеге асырды.
Sinopharm вакцинасы жақын күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болатын ҚР-да тіркелген бесінші вакцина болады.
Sinopharm вакцинасының ерекшелігі – оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады.
Вакцинаны стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін жедел тәртіпте еліміздің өңірлеріне жіберіледі.
Sinopharm Қытай вакцинасы Дүниежүзі Денсаулық сақтау Ұйымымен 2021 жылдың 7 мамырында қолдануға мақұлданды. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі – 24 ай. Шілдеде Қытайдың Sinopharm компаниясының COVID-19 вакцинасы COVAX вакциналар банкіне кірді. Бұл ДДсҰ-мен қауіпсіз және тиімді деп жіктелген алғашқы қытай препараты, 45 елде ересектерге вакцинациялауға рұқсат етілген.