Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта жүргізіледі

0
312
Нұр-Сұлтан қаласындағы дарынды ер балаларға арналған "Білім-инновация" лицейіне емтихан тапсырып отырған оқушылар.

2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқитын болады. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Оқи отырыңыз – 2021-2022 оқу жылының күнтізбесі жарияланды

“Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды,”- делінген хабарламада.

Премьер-Министр осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100% қамтамасыз етуді, осы жылғы 20 тамызға дейін мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес (кварцтеу, дезинфекция, маска режимі, күнделікті термометрия және т.б.) қабылдауды аяқтауды тапсырды.

Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін «Ashyq» жүйесі енгізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз