Өзбекстан 26 мемлекеттің визалық режимін жеңілдетеді

0
120

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі шетелдік туристер үшін визалық режимді жеңілдету мақсатында бірқатар маңызды шараларды қолға алмақ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Гайрат Фозиловтың айтуынша, виза рәсімі Польша мен Түркия азаматтарымен қоса 24 мемлекеттің туристері үшін жеңілдетілген, деп хабарлайды 1News.uz.

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап 26 мемлекеттің азаматтары үшін визалық режим жеңілдетіліп, Жапония, Сингапур және Корея Республикасының азаматтарына визасыз режим енгізілетін болады.

Қазіргі таңда Өзбекстанда электронды кіру визасын енгізу мәселесі талқылануда.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз