Қазақстанда енді магистратура мен докторантураға жылына екі рет емтихан тапсыруға болады. Тамыз айына үлгермегендер осы жылдың желтоқсанында сынақ тапсыра алады. Құжат қабылдау қараша айында басталады. Бұл туралы білім министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парағында жазды.
Бұндай шешімді Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен Ректорлар кеңесі бірігіп Тамыз кеңесінің отырысындағы магистратура мен докторантураға қабылдауға қатысты ұсыныстар негізінде қабылдаған.
“Енді магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Яғни, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары дәстүрлі түрде тамыз айында және қосымша желтоқсан айында ұйымдастырылады. Осы норма 2021 жылы күшіне енеді деп жоспарлап отырмыз”, – деді министр.
Оның сөзінше, жазғы қабылдау науқаны мен өткізілген емтихандардың қорытындысы бойынша магистратура мен докторантураға арналған білім беру гранттары артылып қалған. Енді азаматтар осы жылдың желтоқсан айында мемлекеттік гранттарды иелене алады.
Сәлеметсізбе!
Қысқы магистратураға М013- Химия педагогтерін дайындау мамандығына грантқа тапсыра аламын ба?