БҰҰ ҚК КХДР-ға қатысты санкцияларды күшейтті

0
64
дереккөзден

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі соңғы баллистикалық зымыран сынақтарына байланысты Солтүстік Кореяға қатысты санкцияларды күшейтті.

Жаңа шектеу шаралары КХДР-дан жұмыс күші экспортына тыйым салады, бұл- Солтүстік Кореялық еңбек мигранттары жұмыс істейтін Ресейге де қатысты, деп жазады BBС.

АҚШ әзірлеген қарар КХДР-ға отын жеткізуді және саудаға эмбарго режимін күшейтуді қатаң шектеуді көздейді.

Қабылданған резолюцияға ҚҚ-нің барлық 15 мүшесі, атап айтқанда Солтүстік Кореяның басты сауда серіктестері – Қытай мен Ресей де қолдап дауыс берді.

Құжатқа сәйкес, КХДР-ға мұнай өнімдерін жеткізу жылына 500 мың баррельге дейін шектеледі.

Қауіпсіздік Кеңесі барлық БҰҰ-ға мүше мемлекеттерден Солтүстік Кореядан келген еңбек мигранттармен келісімшарттарды бұзуды және мигранттарды Отандарына қайтаруды талап етеді.

Атап өтерлігі, КХДР-дан келген мыңдаған мигранттар Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс және Ресейде құрылыс алаңдарында еңбек етуде.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз