Украинада президент кеңесшісіне қастандық жасалды

0
142
фото: t.me/РИА новости / Украина президентінің көмекшісі Сергей Шериф

22 қыркүйекте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалып, салдарынан оның жүргізушісі зардап шекті. Бұл туралы Риа Новости сайты хабарлады.

“Киев маңында белгісіз біреулер Украина президентінің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігіне оқ жаудырып, жүргізуші жарақат алды”,- деп хабарлайды Украина ішкі істер министрлігі.

Президент көмекшісінің көлігіне 10 оқ атылған. Оқтың үшеуі көлік жүргізушісіне тиген. Ал, саясаткер Шефир қастандық өзіне әдейілеп жасалды деп санайды.

Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс жасап, қылмыскерлерді ұстау бойынша операция жүріп жатыр.

Шефир, Украина басшысы Владимир Зеленскийдің досы әрі серіктесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз