Қазақстан құрамасының әлем кубогы ойындарына тізімі жарияланды

0
232
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов “Qatar 2022” әлем кубогының іріктеу матчтарына арналған 36 ойыншыдан тұратын Қазақстанның кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Футболшылар 4 қазан күні Нұр-Сұлтанда жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Қазақстан құрамасы “Астана арена” стадионында 9 қазан күні Босния және Герцеговина құрамасын, 12 қазан күні Финляндия құрамасын қабылдайды. Одан кейін, іріктеу матчтарындағы соңғы ойынын 14 қарашада сырт алаңда Францияға қарсы өткізеді.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізімі:

Қақпашылар: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Мұхамеджан Сейсен, Бекхан Шайзада.

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Нұралы Әліп, Темірлан Ерланов, Әлібек Қасым, Сағадат Тұрсынбай, Олжас Керімжанов, Абзал Бейсебеков, Марат Быстров, Еркін Тапалов, Мақсат Тәйкенов, Ян Вороговский, Дмитрий Шомко, Бағдат Қайыров, Михаил Габышев, Нұрлан Дайыров.

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов, Рамазан Оразов, Азат Нұрғалиев, Бақтиер Зайнутдинов, Сұлтанбек Астанов, Бауыржан Байтана.

Шабуылшылар: Артур Шушеначев, Оралхан Өміртаев, Абат Айымбетов, Айдос Тәттібаев, Роман Мұртазаев, Айбар Жақсылықов.

Оқи отырыңыз: Футболдан ұлттық құраманың рейтингі 4 орынға көтерілді

Қазақстан, Катарда өтетін әлем кубогының іріктеу матчтарында әзірге 5 ойын өткізіп 3 ұпаймен топта соңғы орында келеді. Дегенмен, 2 орынмен 5 орын арасындағы айырма 2 ұпайды құрайды. Бұл 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатына жолдама алуға әлі де мүмкіндік бар дегенді білдіреді.

Іріктеу матчтарындағы Қазақстан құрамасының нәтижелері:
  • БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА (2:2) ҚАЗАҚСТАН (8 қыркүйек)
  • ФИНЛЯНДИЯ (1:0) ҚАЗАҚСТАН (4 қыркүйек)
  • ҚАЗАҚСТАН (2:2) УКРАИНА (1 қыркүйек)
  • УКРАИНА (1:1) ҚАЗАҚСТАН (1 сәуір)
  • ҚАЗАҚСТАН (0:2) ФРАНЦИЯ (28 наурыз)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз