Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Таалатбек Масадықов Ауғанстан СІМ басшысының міндетін атқарушы Амир Хан Муттакимен кездесті. Бұл туралы Ауғанстан ислам әмірлігінің ресми өкілі Забихулла Мужахид twitter парақшасында хабарлады.
Айта кетейік, Қырғызстан *Талибан ұйымының өкілдерімен жоғары деңгейде кездесу өткізген Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент тапсырмасымен қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықов бастаған Қырғызстан делегациясы Кабулға гуманитарлық көмек жүгін жеткізген.
۱/۲ــ نن غرمه مهال د ا.ا.ا د بهرنیو چارو سرپرست وزیر محترم مولوي امیرخان متقي د قرغزستان د جمهور رئیس امنیتي مرستیال طلعت بیګ او د جمهور رئیس د بهرنۍ پالیسۍ د څانګې مشر ژین بیګ سره وکتل
په لیدنه کي متقي صاحب دوی ته ښه راغلاست ووایه او د دوی له مرستو یې مننه وکړه. pic.twitter.com/PkWrFT2ABN— Zabihullah (..ذبـــــیح الله م ) (@Zabehulah_M33) September 23, 2021
“Күннің екінші жартысында Ауғанстан ислам әмірлігінің сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки Қырғызстан қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Таалатбек Масадықовпен кездесті. Кездесу барысында Муттаки Сахиб амандық сұрасып, көмектері үшін алғысын білдірді. Бұдан бөлек жан-жақты қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жалғастыруға баса назар аударылды”- деп жазған Мужахид twitter парақшасында.
2021 жылдың 15 тамызында *Талибан ұйымы Ауғанстанның бүкіл аумағына толық бақылау орнатқанын жариялады.
*Талибан – Қырғызстанда, Қазақстанда және әлемнің бірқатар елдерінде тыйым салынған және террористік деп танылған ұйым.