Қазақстан және Қырғызстан президенттері шекараны демаркациялау шартына қол қойды

0
63

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы келісімшартқа қол қойды.

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мемлекеттік шекараны демаркациялау мен режимі ұзақ жылдар шешімін таппаған мәселе болғанын алға тартып, шекараны демаркациялау сену принципі екенін, шекарада тәртіп болмаса, мемлекеттер арасында да тәртіп болмайтынын атап өтті. Өз кезегінде мемлекет басшысы С. Жээнбековке осы мәселені шешу тұрғысында алғыс білдіріп, аталған құжаттарға қол қою шекараларымыздың мемлекетаралық құқықтық тіркеуін толығымен аяқтайтынын және сындарлы ынтымақтастық пен сенімнің жарқын мысалы екенін тілге тиек етті.

Бұдан өзге Н. Назарбаев екі ел арасында 150 -ге жуық құжатқа қол қойылғанын яғни сындарлы келісім базасы бар екенін алға тартты. Сонымен қатар мемлекет басшысы бүгін қол қойылған қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы екіжақты келісімшарт қазақ-қырғыз ынтымақтастығын әрі қарай тереңдетуге негізделгенін атап өтті.

Н. Назарбаев келіссөздер барысында күн тәртібіндегі екіжақты экономикалық мәселелерге басты назар аударылғанын айтты. Мемлекет басшысы қырғыз басшысымен Минсктегі кездесуден кейін көп уақыт өтпесе де, шекара, көлік, фитосанитарлық, ветеринарлық салықтық және кедендік бақылау салаларында өзара ынтымақтастыққа байланысты екі мемлекеттің Үкіметі бірлесе қол қойған Жол картасы бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілгенін алға тартты.

Өз кезегінде Қырғызстан басшысы С. Жээнбеков қол қойылған құжаттарды тарихи деп атады. Қырғызстан басшысы шекараны демаркациялау Қырғызстан мен Қазақстан шекарасы арасындағы сенім, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастыққа жол бастайтынына сенімді екенін атап өтті. Сонымен қатар С. Жээнбеков арамыздағы шекара тек қалыптылық болғанын, ал екі ел халқы шекараны бұрынғыдай еркін кесіп өтулеріне ұмтылу керектігімізді алға тарттты.

Еске салсақ, Қырғызстан президенті С. Жээнбеков мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың шақыртуымен Астанаға мемлекеттік сапармен келді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз