Павлодар әуежайы қолайсыз ауа-райына байланысты жабылды, нәтижесінде 7 рейс шамамен 1400 жолаушы ұша алмай қалды.
«Павлодар әуежайы» АҚ-ның басқарма төрағасы Марат Шишов қолайсыз ауа-райына байланысты Павлодар әуежайының екінші күн жабық екенін, ұшу-қону жолағының мұзданғанын алға тартты, деп хабарлайды «Қазақпарат».
М. Шишовтың ақпаратынша, әуежайды бүгін сағат 21.00-ге дейін жабық ұстау жоспарланған. Бұдан өзге М. Шишов әуежайдың жабықтығынан әуеге 7 ұшақтың көтерілмегенін, олардың әрқайсында шамамен 200 жолаушыдан болғанын атап өтті.
«Павлодар әуежайы» АҚ-ның басқарма төрағасы мұндай жағдай Солтүстік Қазақстанның бар аумағында орын алғанын, айналының барлығы қалың қар мен қатқақ екенін алға тартты.
Сабина Сайлаубай