АҚШ Pfizer екпесін 5-11 жастағы балаларға салады

0
126
photo: rbc.ru / pfizer

АҚШ денсаулық сақтау органдары коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNtech вакцинасын 5-11 жастағы балаларға салуға рұқсат берді. Ауруды бақылау және алдын алу орталығы 12-17 жастағы жасөспірімдерге салынатын доза мөлшерінің үштен бір бөлігін 5-11 жастағы балаларға салуды мақұлдады. 

Үкімет пен Pfizer компаниясы вакцинаны дәріханалар мен педиатр дәрігерлерге таратуды бастап кеткен. Балаларға вакцина салу науқаны ресми түрде 3 қарашада басталады.

Азаттық сайтының хабарлауынша, АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина салынуы тиіс 28 млн бала бар. Президент Джо Байден балаларға екпе егу туралы ақпаратты жылы қабылдап, оны індетпен күресудегі “ірі қадам” деп атады.

Бұған дейін Қытай, Куба және Біріккен Араб Әмірліктері ғана осы жастағы және одан да кіші балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуды мақұлдаған.

Ұлыбританияда коронавируспен күрес жөніндегі бас кеңесшілердің бірі “коронавирус дағдарысы әлі де созыла береді, әлемдегі ахуал алаңдатарлық” деп мәлімдеп ғылыми-кеңес тобының құрамынан шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз