Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанда IT-мамандарының форумын өткізу туралы ұсынысына алғыс білдірді.
«Біз жаңа ғана әріптестермен энергетикаға қатысты, ғарыш саласындағы қатынастарымызды дамыту мәселелерін талқыладық, яғни айтпағым тек Байқоңырды пайдалану ғана емес, жаңа құзыреттер мен технологияларды дамыту жолында Қазақстанды алға жылжыту. Бұл дамуға бағытталған, бұл жоғары технологиялық өндірістегі біздің ынтымақтастығымыз, сандық экономика саласындағы біздің жұмысымыз. Біз сіздің Қазақстанда сандық технологияларды дамыту бойынша жоғары сараптамалық деңгейде мамандар кездесуін ұйымдастыру туралы бастамаңызға алғыс білдіреміз», – деді В. Путин Мәскеуде Н. Назарбаевпен екіжақты кездесу барысында, деп келтіреді “Қазақпарат”.
В. Путин Қазақстан мен Ресей тауар айналымы өте табысты дамып келе жатқанын алға тартты. «Тауар айналымының өсімі осы жылдың 10 айында 34 пайызды құрады. Бұл алға жылжу», – деді Ресей президенті.
Өз сөзінде Ресей президенті Қазақстан экономика саласында Ресейдің басты серіктесі , жалпы алғанда стратегиялық серіктесі болып қалатынын атап өтті.
В. Путин алдағы 2018 жылда Қазақстан халқына сәттілік пен табыс тіледі.
Атап өтсек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін ТМД елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты.
Сабина Сайлаубай