Сауд Арабиясында мас күйінде рөлге отырып, жол апатына себепші болған жүргізушіні өлім жазасына кесті. Апат салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алты адамның өмірін жалмаған 45 жастағы Мұхаммед Әл-Катани дүйсенбі күні Эр-Риядта өлім жазасына кесілді.
Жергілікті БАҚ-тың пікірінше 2013 жылы 45 жастағы Мұхаммед әл-Кахтани мас күйінде рөлге отырады. Көлік жылдамдығын сағатына 200 километрден асырып, джип автокөлігіне барып соқтығысады. Оның ішінде бір отбасының жеті адамы болған.
Апат салдарынан алты адам қаза тауып, тек бір қыз аман қалған.
Жадыра Аманбайқызы