Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялық мәселелер бойынша түзетулерге қол қойды

0
58
дереккөзден

Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске салсақ, 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты екі оқылымда ақпарат және коммуникацияларға қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылдады.

Сенаторлар алдында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев заңда 16 заң мен 6 кодекске өзгертулер енгізу көзделгенін айтады.

Д. Абаевтың айтуынша, заңның басты бағыты бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың сапалы заңнамалық базасын одан әрі қалыптастыру.

Бұдан бұрын заң жобасы Парламент Мәжілісінде таныстырылды, онда министр құжаттың мазмұны туралы толығырақ баяндады.

Министрдің айтуынша, аталған заң жобасына 280 түзетулер енгізілді және әрбір түзетілген тұсы жыл бойы журналистер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен мұқият талқыланды. БАҚ өкілдері тарапынан 7-8 түзету ғана енгізілген. Абаевтың мәлімдеуінше, БАҚ өкілдері министрлік тарапынан ұсынылған барлық түзетулерді мақұлдаған.

Заң әзірлеушілердің пікірінше, заң бірден ақпараттық, байланыс және ақпараттандыруды дамытуға бағытталған өзгерістердің тұтас кешенін құрайды.

 Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз