Дубайда жаңа жылға арналған ірі көлемдегі лазерлік шоу барысында жаңа рекорд орнады.
Light Up 2018 шоуы әлемнің ең биік ғимараты – Бурж Халифа мұнарасында өтті, деп хабарлайды Khaleej Times. Жиналған көрермен мұнарадан таралған әуенді лазерлік жобаларды тамашалады. Шоу шамамен 7 минуттай жалғасты.
Шоуды тамашалауға он мыңдаған адам жиналды. Аталған шоу «бір ғимаратқа жобаланған ең үлкен лазерлік және дыбыстық шоу» болды. Жобаның көлемі шамамен 110 мың шаршы метрді құрады.
Бұған дейінгі рекорд Гонконг қаласына тиесілі (2013 жылы). Гонконгта лазерлік сәуле алаңы 46 мың шаршы метрден асқан болатын.