БҰҰ соғыс басталғалы Украинадан 2 миллион адам босып кеткенін хабарлады

0
275
Photo: vox.com

Ресей әскері Украинаға басып кіргелі бері елден екі миллион адам босып кеткен. Бұл жөнінде 8 наурызда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди. БҰҰ мәліметінше, Еуропада Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай дағдарыс болмаған.

Соғыстың басталғанына екі апта өткен жоқ. Соған қарамастан 900 мыңға жуық украиндық бас сауғалап Польшаға өтсе, 150 мыңы Венгрияны паналаған. Еуроодақ өз аумағында 6,5 миллион босқынды қабылдауға дайын.

Елдің Мемлекеттік шекара қызметі бір тәуліктің ішінде украин шекарасынан батысқа қарай 132 мың адам өтті, деп хабарлады.

“Бізге атыстың тыйылғаны керек, бітім керек, сол кезде адамдар елден қашпайды, үйлеріне қайта оралады. Бірақ олар қазір әбден шошып қалған” деді Гранди “Әл-Жазира” телеарнасына.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз