15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар”- делінген хабарламада.
Бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстанның атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк, Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.