Украинадан эвакуацияланған жолаушылардың бесінші рейсі Қазақстанға ұшты

0
163
photo: MFA Kazakhstan

15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар”- делінген хабарламада.

Бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстанның атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк, Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз