Нобель сыйлығының иегеріне шабуыл жасалды

0
262
Шабуылға ұшыраған Дмитрий Муратов. Photo: Facebook/NovGaz

Бейсенбі кешкі уақытта Мәскеу-Самара пойызында Нобель сыйлығының иегері, “Новая газета” басылымының бас редакторы Дмитрий Муратовқа ацетон араласқан майлы бояу шашып кетті. Бұл туралы ол “Новая газета.Еуропа” басылымына айтты.

Кешкі 08:10 уақытында Қазандағы вокзалдан “Жигули” пойызы жүрген. Шамасы ол сол пойызда болған. “Новая газета.Еуропа” басылымында пойыздың тоқтатылғаны айтылады. Муратовтың сөзінше, шабуылдаған адам “Муратов, мә саған біздің жігіттер үшін” деп айтқан.

Дмитрий Муратов 2021 жылғы қазанда филиппин журналисі Мария Рессамен бірге Нобель бейбітшілік сыйлығын алған. Журналистерге бұл сыйлық “демократия мен бейбітшіліктің шарты саналатын пікір еркіндігін қорғауға деген талпынысы” үшін берілді. Наурыздың соңында Муратов өзіне берілген Нобель медалін аукционға қойып, түскен ақшаны украин босқындарына аударатынын айтқан. Ол тараптарды атысты тоқтатып, тұтқын алмасып, қаза тапқандардың мәйітін қайтаруға, гуманитарлық дәліз ашуға шақырған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз