Столтенберг: НАТО Украинаға соңғы үлгідегі қару-жарақ жеткізе бастады

0
387
Йенс Столтенберг. Photo: NATO

НАТО елдері Украинаға қолдау көрсетуге келісіп, соңғы үлгідегі қару-жарақтарды жеткізе бастады. НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг әскери одақ елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Ресейдің Украинаға әскери қимыл жүргізіп жатқанын ескерткен Столтенберг Киевтің батыс елдерінен қарудың нақты қай түрлерін алғанын атап жатпады.

НАТО елдері Грузия, Босния мен Герцеговинаға да көмектесуге келісті.

Атап өтейік, Грузия қауіпсіздік байланысы және киберқауіпсіздік салаларында көмек алады. Босния мен Герцеговина елдің қорғанысын нығайтатын көмек пакетіне ие болады.

G7 елдері Кремльге қысымды күшейте түсетінін мәлімдеді. Олар Ресейдің мемлекеттік құрылымдарына қарсы қосымша санкция жариялауды көздеп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз