БҰҰ Адам құқығы кеңесі Ресейді құрамынан шығарып тастады

0
430
Photo: UN News

Ресей Украинадағы соғысы үшін БҰҰ Адам құқығы кеңесінен шығарылды. БҰҰ Бас ассамблеясында дауысқа шығарылған қарарда Ресей әскерінің Украина аумағында адам құқығын өрескел бұзғаны айтылады. 

Адам құқығы кеңесінен Ресейді алып тастауды 93 ел қолдаған, 24 ел қарсы шыққан. Қарсы дауыс бергендер ішінде Қытай мен Қазақстан бар. Үндістан бастаған 58 ел қалыс қалған. Қарарды қабылдау үшін 193 елдің қалыс қалғандарынан бөлек үштен екісі қолдап дауыс беруі керек еді. Reuters агенттігінің жазуынша, Ресей қарарды қолдап дауыс беруді достыққа жат қадам деп қарайтынын мәлімдеген.

Ресей Украинадағы бейбіт азаматтарға қарсы агрессиясын мойындамай келеді.

Мемлекетті Адам құқығы кеңесінен шығарып тастау сирек кездеседі. Соңы рет мұндай жағдай 2011 жылы болған. Ол кезде кеңестен Ливияны шығарған. Ол елдің басшысы Муаммар Каддафи үкіметке қарсы митинг қатысушыларына зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған.

Енді Ресей кеңес отырыстарында сөз сөйлеп, дауыс бере алмайды, бірақ оның дипломаттары кеңестегі дебаттарға қатыса алады. Reuters дереккөздерінің айтуынша, Ресей бұдан былай БҰҰ кеңесіне сенімді тұлғалары арқылы ықпал етуге көшеді.

БҰҰ Адам құқығы кеңесінің мүшелері үш жылға сайланады. Ресей мен Украина Шығыс Еуропа елдері арасынан 2021-2023 жылдар аралығына сайланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз