Вашингтонның Киевке қауіпсіздігін нығайтуы үшін бөлген 800 млн долларлық көмегі аясында АҚШ жіберген қару-жарақ, оқ-дәрілер Украинаға келе бастады. Бұл жөнінде Америка үкіметіндегі дереккөзге сүйенген CNN хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қосымша қару-жарақ пен оқ-дәрі жөнелтуді осы апта басында мақұлдаған.
АҚШ Украинаға қуатты қару түрлерін беруге алғаш рет келісіп отыр. Бірнеше апта бұрын Байден әкімшілігіндегі кейбір шенеуніктер Ми-17 тікұшағының 11 данасы, 18 155-мм гаубица, 300 Switchblade дроны тәрізді қуатты қару түрлерін Киевке беру жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деген қауіп айтқан.
Өткен жұмада АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі қару-жарақ пен жабдықтар тиелген алғашқы рейс аймаққа алдағы күндері жеткізіледі деп мәлімдеген.