Франция президенті Эммануэль Макрон президент сайлауында жеңіске жетіп, билік басында тағы 5 жыл қалады. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады.
Бюллетеньдердің 98 пайызын өңдеу қорытындысы бойынша сайлаушылардың 58,32 пайызы Макронға, 41,68 пайызы Марин Ле Пенге дауыс берген. Осы сайлаудан кейін Макронның басты қарсыласы Ле Пен жеңілгенін мойындап, парламенттік сайлауда күресті жалғастыруға уәде берген.
Францияда 49 миллионға жуық адамның президент сайлауында дауыс беруге құқығы бар. Оның шамамен 63 пайызы сайлауға қатысқан.