АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Ллойд Остин Зеленскиймен келіссөз жүргізу үшін Киевке барды.
Олар АҚШ-тың Украинаға әскери-техникалық көмегін, соғыстың мән-жайын, қауіпсіздік мәселесін талқылады.
“Осындай жауапты кезеңде АҚШ-тың жоғарғы лауазымды шенеуніктерінің Киевке келуі Украина мемлекеті үшін аса маңызды. Америка Құрама Штаттарының жасап жатқан көмегіне зор алғыс білдіремін”, – деді Владимир Зеленский.