25 мамырда цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында бесінші буындағы ұялы байланысты енгізу және дамыту (5G/IMT) барысы қаралған. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Министрліктің мәліметінше қазіргі уақытта Қазақстанда 5G/IMT бесінші буындағы ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жүргізілген сынақтар жақсы нәтиже көрсеткен: жиілікті қамтудың тиімді аймағы – 10 шаршы км астам, жылдамдық көрсеткіші – 1,6 Гбит/с дейін, кідіріс деңгейі – 10 мс кем.
2021 жылы жеке операторларға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G технологиясын тестілеу құқығы берілген.
Премьер-министр 5G желілері үшін жиіліктерді бөлу тетіктерін қосымша пысықтауды және жаңартылған ұсыныстарды комиссияның қарауына қайта енгізуді тапсырған.