Бразилияда су тасқынынан 56 адам қайтыс болды

0
198
фото: "Украина Сейчас" телеграм арнасы

Өткен аптада Бразилияның Пернамбуко штатында болған нөсер жауын салдарынан 3900-ден астам адам баспанасынан айырылып, 56 адам қайтыс болған. Бұл туралы Украина Сейчас телеграм каналы хабарлады.

Пернамбуко штатында толассыз жауған жаңбыр бір аптадан бері жалғасуда. 14 қалада төтенше жағдай жарияланған. Билік 4 мың адамның эвакуацияланғанын хабарлады.

Қаза тапқан адамдардың көбісі Ресифи ауданының тұрғыны болған. Бразилия президенті Жаир Болсонару бразилиялық әскерилер зардап шеккендерге көмек көрсететінін және жағдайды бағалау үшін дүйсенбіде Ресифиге өзі баратынын айтқан.

фото: “Украина Сейчас” телеграм арнасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз