Алматыда жаңа метро станциялары ашылды

0
202
Бауыржан Момышұлы бекеті. Photo: Almaty.tv

30 мамырда Алматыда “Сарыарқа” және “Бауыржан Момышұлы” метро бекеті іске қосылды. Олар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз бекеттің жалғасы ретінде қала орталығын басқа аудандармен байланыстырады. Бұл туралы Almaty.tv сайты хабарлады.   

Жаңа станциялар іске қосылғаннан кейін метро желісінің жалпы ұзындығы 3,1 шақырымға ұзарып, 13,4 шақырымға жететін болады. Желі бойына 7-10 минут сайын жүретін төртвагонды 15 электр пойызын жіберу жоспарланған.

Қазіргі уақытта метро күніне 45 мыңға жуық жолаушы тасымалдайды. Жаңа бекеттер іске қосылғаннан кейін бұл көрсеткіш күніне 85 мың жолаушыға дейін өседі деген болжам бар.

Сарыарқа бекеті. Photo: Almaty.tv

“Мәскеуден” кейінгі “Сарыарқа” бекеті Абай даңғылы бойында Алтынсарин даңғылы мен Саин көшелерінің аралығында Family Park маңында орналасқан. Терең салынған, екі кіреберісі мен бір вестибюлі бар. Станцияда екі жеделсаты мен сегіз эскалатор орнатылған. Интерьер жасау кезіндегі негізгі идея – Сарыарқаның шексіз кең даласының әсемдігін көрсету. Қабырғалары мәрмәр тастардан құрастырылып, гранитпен өрнектелген. Шеткі жағындағы қабырғада жазық даланың үстінен шығып келе жатқан күн, оның бергі жағында Қазақстан астанасы бейнесі маңында шауып келе жатқан жүйрік аттар бейнеленген панно орнатылған.

“Бауыржан Момышұлы” бекеті Абай даңғылы бойында Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Таяз орналасқан, екі вестибюль мен алты кіреберісі бар. Бекетте алты жеделсаты мен он бес эсколатор орнатылған. Платформа ұзындығы 108 м. Алматы метро желісінің он бірінші бекет әзірге соңғы станция болып саналады.

Photo: Almaty.tv

Бекет үлкен тұрғын алабының ортасында орналасқан. Қабырғалар мен тіреуіштерді безендіру үшін ашық реңкті маржан-сұр түсті ағаш тектес керамикалық панельдер, ал еденді қаптауға – ашық сұр түсті табиғи гранит пайдаланылған.

Болашақта “Қалқаман” бекетінің құрылысын аяқтап, метроны батыс бағытта “Барлық” базарына дейін дамыту жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз