1 маусымда Қазақстан президенті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аралау барысында ресейлік “МИФИ” ұлттық ядролық зерттеу университетінің презентациясымен танысты. Бұл жөнінде Ақорда сайты жазды.
“Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ядролық энергетика, фармацевтика, медицина және экономика саласы бойынша мамандар даярлайтын “МИФИ” филиалын ашу жөніндегі келісімге қол қойылды”, – делінген президент баспасөз қызметі таратқан хабарламада.