Ресейде VPN қолданушылар саны 15 есе өскен

0
250
Photo: cloud7.news

Ресейде 24 миллион адам бұғатталған интернет көздеріне кіру үшін VPN сервистерін қолдана бастаған. Бұл жөнінде Times газетіне сілтеме жасап RFL/RL қазақ қызметі жазды. Ақпан айында, яғни соғысқа дейін VPN сервистерін Ресейде 1,6 миллион адам ғана пайдаланған.

Mediascope телеграм каналының мәліметіне қарағанда, Ресейде сәуір айында 97,5 млн адам пайдаланған. Демек, Ресейдің әрбір төртінші азаматы жеке желі немесе VPNқолдануға көшкен деген сөз.

Қазіргі уақытта Ресейде мыңнан астам сайт бұғаттаулы тұр. Оның ішінде Facebook те,Instagram да, шетелдің ірі БАҚ-тары мен Ресейдің тәуелсіз БАҚ-тары бар. Бұл сайттарға трафик төмендегенімен, тоқтап қалмаған. Мысалы, РБК мәліметіне қарағанда, Instagram трафигі күніне 39 миллионнан 34 миллионға дейін түскен.

Бір апта бұрын кейбір танымал VPN сервистеріне қосылуға қиындағанын хабарлаған. Бұл – техникалық IP адрестер мен домендерді шектеуге тырысқан Роскомнадзордың талпынысынан кейін болған. “Роскомсвободаның” техникалық директоры Станислав Шакиров ірі сервистер бұғаттарды айналып өту мәселесін шеше алады деп санайды.

“Біз сөйлескен сервистер, мысалы Proton сервисі бұғатты айналып өткісі келеді. Меніңше, оған мүмкіндік бар. Бірашама уақыттан соң сервистер біртіндеп қайта жұмыс істей бастайды. Бәрі емес, көпшілігі”, – дейді ол.

Ресей бас прокуратурасының сұрауы бойынша Роскомнадзор 24 ақпаннан бастап соғыс туралы жазып, Ресей билігінің цензурасын сақтамай жүрген орыс тілді медиаларды бұғаттауға кіріскен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз