Сауд Арабиясында ханзадалар жауапқа тартылады

0
92
дереккөзден

Сауд Арабиясында Король әулетінен 11 ханзада қазынадан өздеріне төлемдердің тоқтатылуына байланысты сарайда отырыс ереуілін ұйымдастырғаны себепті жауапқа тартылады.

Елдің бас прокуроры Сауд әл-Моджиб азаматтардың ешқайсысының заңнан биік тұрмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.

Бейсенбі күні 11 ханзада Эр-Риядтағы Король сарайында биліктің суға және электр энергиясына арналған шоттардың өтелуінен бас тартуынан кейін наразылық акциясын жасады.

Сондай-ақ ханзадалар адам өлтіргені үшін сотталып, 2016 жылы өлім жазасына кесілген туыстарының өлім жазасы үшін өтемақы талап еткен.

Ханзадалар қамауға алынған. Бас прокурордың сөзінше, олар елдің оңтүстігіндегі «Әл-Хайер» абақтысына қатаң режимге қамалған, ханзадаларға бірнеше қылмыстық жауапкершілік бойынша айып тағылған.

Прокурордың мәлімдеуінше, ханзадаларға талаптары заңсыз екендігі айтылса да, 11 ханзада қоғамдық тәртіпті бұзып, сарай алаңынан кетпеген.

Ханзадалардың есімдері әзірге аталмады.

Еске салсақ, өткен жылы Сауд Арабиясында жемқорлықпен күрес операциясы барысында ондаған ханзада мен үкімет мүшесі тұтқындалған еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз