Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы мен мектеп оқушыларының демалысы бекітілді. Бұйрыққа 12 тамызда Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Меншік нысанына және ведомствоға бағынуына қарамастан, орта білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылы 2022 жылғы 1 қыркүйекте басталады.
Оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныпта 35 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда 36 оқу аптасы болады.
1-11 (12) сыныптарда оқу жылындағы демалыстар:
- күзгі – 7 күн (2022 жылдың 31 қазанынан 6 қарашасына дейін);
- қысқы – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсанынан 2023 жылдың 8 қаңтарына дейін);
- көктемгі – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы арасында);
- бірінші сыныпта қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылдың 6-12 ақпаны арасында).
Бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.