Таулы Қарабақтағы Лачин қаласын Әзербайжан бақылауына алды

0
209
Photo: azadsoz.com

Таулы Қарабақтағы Лачин қаласына әзербайжан әскері шоғырланды. Бұл туралы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев хабарлады.

Әлиев Twitter’де сонымен бірге қала маңындағы Забух және Сус ауылдары да әзербайжан бақылауына өткенін жазды. Аталған елді мекендер Армения мен Қарабақты жалғайтын жалғыз жол – Лачин дәлізінің бір бөлігі.

2020 жылы күзде бірнеше аптаға созылған соғыстан кейін жасалған келісімге сәйкес, Лачин ауданы Баку бақылауына өткен. Ал дәлізді Ресей бітімгерлері бақылауға алған.

Ереван мен Баку Армения мен Қарабақ арасында жаңа жол салуға келіскен. Бітімгерлер енді сол жаққа көшіп, Лачин, Сус пен Забух Әзербайжан жағында қалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз