ҰЭМ: Пессимистік болжам бойынша доллар 500 теңге болады

0
98
Photo: Esquire.kz

Жұма күнгі үкімет отырысында министр Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасы дамуының үш сценарийі таныстырды. Ұлттық экономика министрі 2023-2027 жылдарға арналған болжамдарды келтірді.

ҰЭМ құрастырған негізгі сценарий бойынша, мұнай баррелінің орташа бағасы 85 доллар төңірегінде қалыптасады, доллар бағамы 470 теңге болады. Аталған сценарий бойынша жалпы ішкі өнім орташа есеппен 3,9 пайызды құрамақ.

Оптимистік болжам бойынша, мұнайдың баррелі – 110 долларға жетеді, доллар бағамы – 440 теңге, экономика дамуы 4,2 пайызды құрамақ.

Пессимистік болжам мұнай баррелін – 60 доллар, доллар бағамын – 500 теңге, экономика дамуын 3,5 пайыз төңірегінде қарастырады.

Министр барлық сценарий бойынша инфляция деңгейі бір қарастырылып отырғанын: 2023 жылы – 7,5-9,5 пайыз, 2024 жылы – 4-5 пайыз, 2025-2027 жылдары 3-4 пайыз деңгейінде болуы мүмкін екенін айтты.

Ресейге салынған санкция Қазақстан экономикасына да кері әсер етіп отыр. Батыс елдері Ресейге Украинаға басып кіргені үшін қатаң санкция салған. Ресми мәлімет бойынша, шілде айында инфляция деңгейі 15 пайызға жетіп, қымбатшылық жалақысы аз халықты қалтасынан қаққан.

Статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар кірісінің 50 пайызын тамаққа жұмсайды. Бұл Африканың кедей елдеріндегі жағдайға ұқсас.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз