Пәкістанда су тасқыны салдарынан азық-түлік тапшылығы болып жатыр

0
235
Пәкістан. Photo: TRT

Пәкістан билігі шілдеден бері жалғасып жатқан су тасқынынан кейін түрлі аурулар жайылып жатқанын және азық-түлік тапшылығы болып жатқанын мәлімдеді.

Ел үкіметінің мәліметіне қарағанда, ел аймағының 25 пайызы суда қалды. 31 тамызға қарай бірқатар аудандарда сел тоқтағаны хабарланды. Табиғат апатынан кем дегенде 1100 адам қайтыс болып, он миллиондаған адам зардап шегіп, 1 миллион үй бұзылған.

БҰҰ донор елдерді тез арада Пәкістанға 160 миллион доллардан кем емес көмек көрсетуге шақырды. Пәкістандағы 220 миллион халықтың 500 мыңы үйін тастап, қауіпсіз аймақтағы лагерлерге көшірілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының Пәкістандағы өкілдігі медициналық көмек көрсетіліп, эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу үшін қолдан келген барлық шаралар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф бұл өлке тарихындағы ең күшті сел болғанын жеткізді. 31 тамыздағы мәлімдемесінде ол су тасқыны 700 мың бас малды және мал жайылымын шайып кеткенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз